Тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ПД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына ш

Тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ПД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен) жүгінеді. Өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар тігіледі:

  • 1) тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тіркеу осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
  • 2) бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш;
  • 3) осы Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;
  • 4) ұлттық паспортының, азаматтығы жоқ адамның құжатының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
  • 5) бірлесіп өтініш берген кезде он алты жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
  • 6) жеке өмірбаяны қазақ немесе орыс тілінде;
  • 7) оның азаматтығы бар мемлекетінің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұруға арналған рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде жүруі мүмкін (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);
  • 8) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);
  • 9) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім;
  • 10) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 болып тіркелген) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;
  • 11) 14-тен 18-ге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған балалар ата-анасының өтінішіне өзінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімін қоса ұсынады;
  • 12) өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;

 

Қоғамдық Комиссия

Елбасы шеттегі және елге көшіп келетін ағайынды қолдау үшін «Отандастар» қоры» мен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен» бірлесіп, отандастарға жан-жақты қолдау мен көмек берудің іс-шараларын анықтап берді. Осы шараларды бірлесіп атқару мақсатында «Отандастар қоры» КЕАҚ жанынан Қоғамдық Комиссия (әрі қарай - Комиссия) құрылды.

Фото 1 – Қоғамдық Комиссияның бірінші отырысы.

Шеттегі қандастарымызға байланысты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары:

- шеттегі қандастарымызды жан-жақты қолдау;

- Қазақстанға көшіп келген ағайындардың бейімделуіне көмек беру;

- мемлекеттік диаспоралық саясатты бағдарламалық және заңнамалық құжаттармен қамтамасыз ету.

Осы ретте, Комиссияның негізгі міндеті – мемлекеттік диаспоралық саясатты қалыптастыруда және отандастарға қолдау көрсетуде атқарылатын шаралардың жүзеге асырылуына жан-жақты ықпал ету.  

Комиссия құрамында мемлекеттік және қоғам қайраткерлері - Қуандық Тұрганқұлов, Оралбай Әбдікәрімов, Айдос Сарым, Түркітану және Алтай ғылыми-зерттеу орталығының директоры - Сартқожа Қаржаубай, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамыраев,  Қазақстан заңгерлері одағының төрағасы Серік Ақылбай, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, сондай ақ ғалымдар, саясаттанушылар, сарапшылар.

Комиссия мүшелері бір ауыздан, мемлекеттік қайраткер, тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлын комиссия төрағасы етіп сайлады.

Фото 2 – Қоғамдық Комиссия мүшелері.

Диалог алаңының жұмысы барысында Қоғамдық Комиссияның 3 отырысы ұйымдастарылып, келесі мәселелер қаралды:

  • Елге оралған қандастардың мәселелерін реттейтін қазақстандық заңнама жүйесі және шетелдегі қазақтарды мемлекеттік қолдау туралы заң жобасының барысы;
  • ҚР ІІМ Көші - қон қызметі тарапынан репатрианттарға қызмет көрсетуді оңтайландыру және автоматтандандыру шаралары туралы;
  • Отандастар қоры» КЕАҚ-ның шетелдегі қазақтарды қолдау бағытындағы атқарылған жұмыстар;

- ҚР Сыртқы істер министрлігінің қазақ диаспора мәселелері бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы.

Қоғам тарапынан шетелде тұратын қазақтардың мәселелерін зерттеу бойынша жиынтық-талдамалық зерттеулер мен отандастарды Отанына қайтарудың мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесін зерделеу жобалары жүргізілді. Нәтижесінде «Шетелдегі қазақтарды және ерікті қоныс аударуды қолдаудың шаралар кешеніне ұсынымдар» және «Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасы әзірленді.

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеудің қажетті құқықтық негізін құру болып табылады.

Фото 3 – Қоғамдық Комиссияның үшінші отырысы.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясатының, халықтар мен мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды бағыты болуға тиіс шетелдегі отандастармен қатынастарды дамытуға негізделеді. Мәселен, шетелде тұратын отандастар өздерінің азаматтық, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, мәдени, білім беру, ақпараттық және өзге де қолдау түрлерін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасына сенім артуға құқылы.

«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық комиссиясының 2019 жылға жұмыс жоспары

«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық Комиссиясының құрамы

«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық комиссиясы І отырысының хаттамасынан үзінді

«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық Комиссиясы ІІ отырысының хаттамасынан үзінді

«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық Комиссиясы ІІІ отырысының хаттамасынан үзінді

«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық Комиссиясы ІV отырысының хаттамасынан үзінді

«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық Комиссиясы V отырысының хаттамасынан үзінді

«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық Комиссиясы VІ отырысының хаттамасынан үзінді

Ғылыми-сараптамалық кеңес

Елбасының шетелдегі қазақтарды жан жақты қолдауға қатысты берген тапсырмаларды орындау мақсатында «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жанынан Ғылыми-сараптамалық кеңес (әрі қарай - Кеңес) құрылды.

Кеңестің мақсаты диаспоралық саясат мәселелерін шешу бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу.

Кеңес құрамы елімізге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, Мәжіліс депутаты, танымал ғалымдардан тұрады.

Кеңестің негізгі міндеті - диаспоралық саясат мәселелері және шетелдегі отандастар мен тарихи Отанына келген этникалық қазақтардың әлеуметтік-құқықтық жағдайын зерттеу бойынша Қоғамның қызметін ғылыми-сараптамалық және талдамалық сүйемелдеу.

Фото 1 – Ғылыми-сараптамалық кеңестің бірінші отырысы.

Кеңес құрамында Конституциялық Кеңестің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Унзила Шапақ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі проректоры,  ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының этносаралық және конфессияаралық қатынастар орталығының басшысы, əлеуметтану  ғылымдарының  докторы Айгүл Сәдуақасова, «Астана» Халықаралық университетінің жоғарғы құқық мектебінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Амандықова, басқа да ғалымдар, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері.

Комиссия мүшелері бір ауыздан, ҚР ҰҒА корреспондент - мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековті комиссия төрағасы етіп сайлады.

2019 жылы «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің 2 отырысы ұйымдастырып, онда келесі мәселелер қарастырылыды:

- «Қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының Тұжырымдамасын талқылау;

- Шетелдегі қазақтарды және ерікті қоныс аударуды қолдаудың кешенді шараларына ұсынымдарды талқылау;

- Шеттегі және елге келген ағайындарды қолдау саласында қолданылатын терминологиялық аппарат бойынша ұғымдарды талқылау.

Фото 2 – Ғылыми-сараптамалық кеңестің екінші отырысы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы  Н. Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының «Қоғамдық сананы жаңғырту және шетелдік қазақтар» (2017 жылғы 23 мамырдағы №17-32-39.1 протокол) V-ші құрылтайында отандастарды жан-жақты қолдаудың кешенді шараларын әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Осы тапсырмаларды орындау мақсатында «Отандастар қоры» КЕАҚ (бұдан әрі - Қоғам) және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп шетелдегі қазақтарды және ерікті қоныс аударуды қолдаудың кешенді  шараларына ұсынымдар әзірлеуде.

Кешенді шаралар шетелдегі қазақтарға мәдени-гуманитарлық қолдау көрсету және репатрианттардың қазақстандық қоғамға бейімделуі және кірігуіне қажетті жағдайлар жасаудың  негізгі бағыттарын белгілейді.

Кешенді шаралар мақсаты – бүкіл әлем қазақтарының тарихи және этникалық Отанының айналасында шоғырлануына ықпал ететін шетелдегі қазақтарды және ерікті қоныс аударуды қолдау. Осы және басқа да ұсынымдар «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңесінің отырысында талқыланды.

«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Ғылыми сараптамалық Кеңестің 2019 жылға жұмыс жоспары

«Отандастар Қоры» КЕАҚ жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңес құрамы

«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің І отырысының хаттамасынан үзінді

«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің ІІ отырысының хаттамасынан үзінді