Қоғамдық қабылдау
Қабылдауды 14 облыстық орталықта, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан
қаласында ашу жоспарланған. Олардың міндеттері:
- Отандастар мен Қор және қазақтардың Дүниежүзілік ассоциациясы жұмысының
бағыты бойынша қызығушылық танытқандардың барлығын жеке қабылдауды жүзеге асыру;
- Құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру;
- Жүгінушілердің мәселелері нақты шешілгенше мүмкіндігінше сүйемелдеу;
- Жүгінушілердің мәселелері уақытында және сапалы қарастырылуы үшін мемлекеттік органдар
және құрылымдармен өзара әрекетте болу;
- Жүгінулерге мониторинг жасау және сәйкесінше талдау жұмысын жүргізу.