Ғылыми-сараптамалық кеңес
Ғылыми-сараптамалық кеңес шетелдегі қазақтар мен репатрианттардың мәселелерін шешу бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу мақсатында құрылған жұмысшы топ болып табылады.
Кеңестің негізгі міндеттері:
- Шетелдегі отандастар мен тарихи Отанына келген этникалық қазақтардың әлеуметтік-құқықтық жағдайын зерттеу бойынша Қоғамның қызметін ғылыми-сараптамалық және талдамалық сүйемелдеу;
- Шетелдегі қазақтардың мәселелерін зерттеу саласындағы ғылыми-зерттемелік тақырыптамаларды ғылыми сарапшылық негіздеу;
- Қоғамның ғылыми-зерттемелік жұмыстарының нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;
- Қазақ диаспоралары және репатрианттарды қолдауға, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламалық құжаттарды және нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу.