Ақпараттық талдау блогы
Қор қызметінің басты бағыттарының бірі - диаспоралды мәселелерді зерттеу және соған сәйкесінше талдамалы зерттеу жүргізу. Аталған шара диаспоралды саясатты жақсарту бойынша жаңа ұсыныстарды жасақтау және осы мәселе бойынша әлемдік алдыңғы қатарлы тәжірибені қолдану үшін қажет. Жұмыс екі бағыт бойынша жүргізіледі және қазақтар көп шоғырланған елдерді қамтып, зерттеу жұмысының аса озық үлгісін көрсетеді.
Диалог алаңы
Қор өткізетін қатысымдық шаралар этникалық қазақтар мен отандастардың мемлекеттік органдар және бизнес орта өкілдерімен жүйелі диалог жүргізіп, туындаған қажеттіліктерді талқылайтын және осы мәселелерді шешу үшін бірлескен әрекет дайындайтын ұйымдастырушы алаңға айналады. Қордың мақсатты тобына кіретін бизнес нысандар арасындағы байланысты нығайту үшін диалог алаңдары сонымен қатар «В2В» форматында да өткізіледі.
Бейімделуге көмек
Отандастардың ұлттық-этникалық және экономикалық ортаға жоғарғы деңгейде сіңісуі- ойдағыдай бейімделудің басты көрсеткіштерінің бірі, сонымен қатар жалпы алғанда, олардың осы ортаға психологиялық тұрғыда көңілі толғандығын көрсетеді. Отандастарға бірінші кезекте іскер ортада өзін танытуы мен тіршілік әрекеті үшін тең мүмкіндік пен жағдай тудыру, олардың этникалық бейімделуіне белсенді түрде көмектесу - Қордың басты міндеттерінің бірі.
Білім және қазақ тілі
Қордың маңызды бағыттарының бірі қазақ тілін дамыту және оны шет елдердегі қазақ диаспоралары арасында зерделеуге қолдау көрсету болып табылады. Осыған орай, Қор қазақ тілін көпшілікке тарату және әдістемелік құралдар мен оқу әдебиеттерін ұсынатын оқу сыныптарын құру арқылы шет елдерде оқуға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқаруда.
Сондай-ақ, шетелде тұратын отандастарды қазақстандық университеттерде, колледждер мен мектептерде білім беру ұйымдарымен әріптестік шеңберінде берілетін арнайы гранттар арқылы білім алуға тарту маңызды болып табылады.
Шет елден келген отандастарымыздың балалары үшін балалар лагерлеріне, демалыс аймақтарына бару мүмкіндігін беру үшін Қор үлкен жұмыс жүргізді
Қазақ мәдениетін ілгерілету
«Абай» мәдени үйі қоғамдық бірлестіктер-шетелдегі қазақ ұйымдары базасында құрылады. Оның жұмысы дербес сайт-беттер құру арқылы біртұтас цифрлық желіде ұйымдастырылады. Жұмысты тұратын елінде азаматтығы бар отандастар жүзеге асырады.
Қандасқа кеңес
Қазақстандық өнімдерді экспортқа шығару, ҚР-ға инвестиция тарту, дарынды отандастар мен бизнес идеяларды табу, сондай-ақ квазимемлекеттік компаниялар мүдделерін таныстыру мақсатында бір ғана «Атамекен» брендімен іскерлік орталықтар желісін құру жоспарланып отыр. Іскерлік үйлері шетелдегі қазақтардың диаспоралдық ұйымдарын қоғамдық бірлестіктер негізінде біріктіру арқылы жұмыс істейтін болады.
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы сайты
«Отандастар» Қорының ҚДА-мен серіктестігі шетелде тұратын этникалық қазақтар мен отандастарды ақпараттық-консультативтік және іс жүзінде қолдауды жақсартумен байланысты көптеген мәселелерді жүзеге асырады. Өзара жұмыс қазақ диаспорасының әлем бойынша біртұтас құрылымдық желісін ұйымдастыруға, филиалдар желісін кеңейту арқылы отандастарды қолдау бағдарламасының қолжетімділігін арттыру, сонымен қатар ассоциация мүшелерін көбейту және этникалық қазақтардың электрондық базасын қалыптастыруға бағытталған.