«Қазақстан - әлем балаларының көзімен» халықаралық сурет байқауы жалғасуда!

03 Қараша, 2020

16-желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы» РҚБ, «Отандастар қоры» КеАҚ  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Мұғалім-суретшілерінің Халықаралық Одағы Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубымен бірлесіп шетелдегі этникалық қазақтар мен өзге ұлт өкілдерінің, сондай-ақ елге оралған қандастардың мектеп жасындағы ұл-қыздары арасында «Қазақстан - әлем балаларының көзімен» тақырыбындағы халықаралық шығармашылық сурет байқауын жариялаған болатын.

Байқауға 7 – 18 жас аралығындағы балалар қатыса алады.

Байқауды өткізу тәртібі мен межелі мерзімі
Байқауға қатысуға ниет білдірген үміткерлер өзі туралы мәліметтерді алдын ала g_moonlight@mail.ru электронды поштасына жіберу арқылы тіркеледі:
-    Тегі, Аты, Әкесінің аты;
-    қатысушының жасы;
-    ел, қала;
-    мекеменің атауы;
-    байланыс деректері (телефон нөмірі мен электронды поштасы).

Байқауға Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Болашақ Қазақстан - балалар көзімен» атты көркем туындылар қабылданады.

Жұмыстар жас ерекшелігіне қарай екі топ бойынша бағаланады:
I топ - 7-12 жас аралығы;
II топ - 13-18 жас аралығы.

Шығармашылық жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар:

- Шығарманың тақырыбы мен мазмұн-маңызын ашу;
- Қазақстанның өсіп-өркендеп, көркейе түскен кескін-келбетін суреттеу;
- Қазақстан тарихы;
- Қазақстанның салт-дәстүрі;
- Мен Қазақстанның болашшағын қалай көремін;
- Ұлттық ертегілері, эпостар, аңыздар.

- көркем жұмыстар I топ бойынша (7-12 жас аралығы) А3 қағаз форматында орындалады;
- көркем жұмыстар II топ бойынша (13-18 жас аралығы) А2 қағаз форматында орындалады;
- аралас техника қолдану;
- авторлығы міндетті түрде көрсетілуі тиіс (толық аты-жөні, жасы, елі мен қаласы);
- байқауға шығармалар қабылдаудың межелі мерзімі: 12 қазан - 12 желтоқсан аралығы;  
- PDF форматындағы шығармашылық жұмыстардың сканерленген нұсқалары аталған мерзім аралығында g_moonlight@mail.ru электронды поштасына жіберілуі тиіс. Өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін жолданған жұмыстар қабылданбайды;
- жеңімпаз бен жүлдегерлер 16 желтоқсанға дейін анықталып, үздік үштікке енген 2 жас санаты бойынша үміткерлер есімі 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінде жария етіледі және Қор сайты мен әлеуметтік желілерде кеңінен жазылады;
- байқау туралы ақпараттық материалдар «Отандастар» сайтында, el.kz порталында, әлеуметтік желілерде және ұйымдастыру комитетінің әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

Қатысушыларды ынталандыру

Ережеге сәйкес байқауға жолданған барлық жұмыстар қазылар алқасының қарауына ұсынылады.

Қазақстан Суретшілер Одағының өкілдерінен және өнер қайраткерлерінен құралған қазылар алқасының мүшелері жұмыстарды әділ бағалап, ережеге сәйкес озық орындалған үздік жұмыстарды іріктеп алады.

Ережеге сәйкес байқауға өз еңбегін жолдаған барлық қатысушыларға электронды пошта арқылы сертификат табысталады.

Қазылар алқасының шешімімен ережеге сәйкес жас ерекшелігіне қарай 2 топтан 1, 2, 3 орындар және байқаудың Бас жүлдегерлері танылады. Нұр-Сұлтан қаласында қатысушылардың үздік жұмыстарының көрмесін өткізу жоспарланған және балалар көркемсурет мектебі мен  мұғалім-суретшілер Одағы атынан бейнелеу өнері бойынша шеберлік сабақтарын өткізу.

Жүлдеге ие болғандарға Қазақстан Республикасындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің дарынды балаларға арналған жазғы лагеріне маусымдық тегін жолдама беріледі және байқау жеңімпаздарына серіктестерден сыйлықтар.
 
Байланыс телефондары: 8 /7172/ 23 59 20;
WhatsApp: +7 701 730 77 82.

«Қазақстан - әлем балаларының көзімен» халықаралық сурет байқауы жалғасуда!