Ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлігін рәсімдеу

30 Қаңтар, 2021

Ықтиярхат алу үшін, сізге Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Толығырақ біздің жаднамада:

Ыхтиярхат алу үшін:

Қажетті құжаттардың тізбесі:

- жарамды ұлттық паспорт;

- 3,5 х 4,5 см. фото (2 дана);

Азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу үшін:

- өлшемi 3,5 х 4,5 см. үш фотосурет;

мына құжаттардың бірі:

- жарамдылық мерзiмi аяқталған шетелдік паспорт;

- азаматтығы жоқ адамның куәлiгi;

- 1974 жылғы үлгідегі паспорт (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы);

- әскери билет;

- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;

- ҚР азаматтығынан шығу және азаматтығын өзгерту, сондай-ақ ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтықты өзгерту туралы анықтама;

- туу туралы куәлік (16 жасқа дейінгі адамдарға);

- ҚР шетелдердегі мекемелері беретін оралу куәлігі (шетелде уақытша жүрген азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоғалған кезде).

Барлық құқықтар қорғалған. EL.KZ белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://el.kz/kandastar/detail/eto_vazhno/y-tiyarkhat_zh-ne_azamatty-y_zho-_adamny-_ku-ligin_r-simdeu/

Ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлігін рәсімдеу