«Қазақстан жүрегімде!» халықаралық фотобайқауының нәтижесі

27 Тамыз, 2021


Отандастар қоры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 1 маусымынан 15 тамыз аралығында «Қазақстан – жүрегімде!» атты халықаралық фотобайқауын ұйымдастырған.

Бұл байқауға 14 жақын және алыс шет елдегі этникалық қазақстар және өзге ұлт өкілдері мен елге оралған қандастар барлығы 90 үміткер тіркелді, соның ішінде: Өзбекстан, Ресей, Беларус, Қарақалпақстан, Иран, Моңғолия, Қырғызстан, Нидерланды, Украина, Литва, Қытай, Бельгия, Финляндия және Қазақстан.

Нақты атап айтқанда, фотожұмыстарын жолдаған 11 елден 42 отандасымыз, соның ішінде: Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Иран, Беларус, Литва, Қытай, Украина, Бельгия, Финляндия, Қазақстан, барлығы 83 фотожұмыстар келіп түсті.

Номинациялар бойынша: «Әдемі тұлғалар» - 28; «Менің сүйікті өлкем» - 31; «Тұрмыс және салт-дәстүр» - 24.

Барлық қабылданған жұмыстар қазылар алқасымен әділ бағаланып байқаудың жүлделі орындары бойынша белгіленіп нәтижесі шығарылды.

Комиссия шешімімен «Әдемі тұлғалар» номинациясы бойынша - 3; «Менің сүйікті өлкем» номинациясы бойынша - 3; «Тұрмыс және салт-дәстүр» номинациясы бойынша – 3 және ерекше шығармашылық көрініс көрсеткен бойынша - 4 жеңімпаз анықталды. Олар диплом және сыйлықтармен, ерекше шығармашылық көрініс көрсеткен жеңімпаздар құрмет грамотасымен марапатталады. Ал байқауға қатысып, керемет туындысы және көрсеткен белсенділігі үшін отандастарымыз  арнайы сертификаттар алады.

Диплом, құрмет грамота мен сертификаттардың электронды нұсқасы электронды пошталарыңызға жолданады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Тізім төменде.

«Қазақстан жүрегімде!» халықаралық фотобайқауының нәтижесі