«Ұлттық саз аспаптары» онлайн-жоба оқытушысын марапаттау

19 Қараша, 2021

2021 жылғы 18 қарашада шет елдердегі отандастарымызды ұлттық аспаптарда (домбыра, қобыз және т.б.) ойнауды үйрету бойынша «Ұлттық саз аспаптары» онлайн-жобасының «Домбыра үйрену» циклын іске асыруға сүбелі үлес  қосып,  ерен еңбек сіңіргені үшін «Жас дәурен» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Таушанбай Рахымовқа «Отандастар қоры» КЕАҚ атынан ризалық білдіре отырып, шығармашылық табыс пен шалқар шабыт тілеген Алғыс хат арнайы табыс етілді.

«Ұлттық саз аспаптары» онлайн жобасы - шетелдегі отандастар арасында қазақтың ұлттық саз аспаптарын, оның ішінде домбыраны халықтық музыкалық аспап ретінде кеңінен таныстырып, ұлттық саз өнері мен игі дәстүрлерді дәріптеуге және қандастардың ұлттық санасын рухани жаңғыртуға негізделген.

Жобаның негізгі мақсаты - шетелдегі отандастарды қолдау, олардың тарихи Отаны - Қазақстанға деген қызығушылық сезімін қалыптастыру болып табылады. Отандастарымыздың ана тілі мен мәдени құндылықтарды меңгеруі тұрғысында қазақ диаспорасына әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету, ынтымақтастық пен келісім дәстүрлеріне сәйкес дарынды орындаушыларды анықтау және қолдау, музыкалық мәдениет пен өнерді танымал ету, ұлттық өнерді өзара өрістету, өскелең ұрпақты толеранттылық пен достық бағытында тәрбиелеу, тарихи тағдырлар мен игі мүдделердің ортақтығын түсінуін қалыптастыру.

«Ұлттық саз аспаптары» онлайн-жоба оқытушысын марапаттау