Шетелде қазақтың дәстүрлі мәдениетін сақтау және насихаттау. Шетелдегі отандастарымыздың қазақтардың мәңгілік құндылықтары: мәдениеті, тарихы, әдебиеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық қолөнері және т. б. туралы білімдерін күнделікті өмірде қолдануға деген ынтасын арттыру.
Қазақ халқының дәстүрлері мен өнерін білу тарихты зерттеумен бірге этно-менталитет пен ұлттық сана-сезімнің негізін құрайды.
Бұл жобаның тақырыбы ұлттық рухты көтеруге, Қазақстанға деген патриоттық сезімді және қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған.