“Отандастар қоры” ҚеАҚ-ның президенті Абзал Сапарбекұлы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы директордының міндетін атқарушы Ph.Dr Алмагүл Исина мен кездесті. 

15 Маусым, 2022

Юнус Эмре институты мен "Отандастар қоры" арасында 2018 жылы Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылған еді. Кездесу барысында екі ел арасында екі жаққа да тиімді тәжірибе алмасуды жандандыру, шетелде тұратын қазақтарға қазақ тілін үйретуде Юнус Эмре институтының түрік тілін үйрету тәжірибесін пайдалану, 2022-2023 жылдар аралығында орындалатын ортақ жобалар ұйымдастыру тақырыптары қозғалды. 

Сонымен қатар әлемнің 60-тан астам елінде ашылған Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының дәнекер тілсіз тіл үйрету материалдары мен методикасын білім саласында қолданылуы туралы талқыланды.

“Отандастар қоры” ҚеАҚ-ның президенті Абзал Сапарбекұлы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы директордының міндетін атқарушы Ph.Dr Алмагүл Исина мен кездесті.