Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының 2020 жылғы жұмысы

Қазіргі кезде дүниежүзіне және Қазақстанда тараған COVID-19 вирусына байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан «Отандастар қоры» КеАҚ Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы өз жұмысын жалғастырып жатыр.

Осылайша 2020 жылғы күрделі ахуалға қарамай Ақпараттық қолдау орталығы бір жыл ішінде 5065 қандасымызға қол ұшын созып, көмек көрсете білді. Нақты тоқталатын болсақ, еліміздің аймақтарындағы Фронт-кеңселерге келген адамдардың саны 3840 болса, 1404 нөмірдегі Байланыс орталығына 1103 адам хабарласқан. Сондай-ақ 222 қандасымыз Орталыққа әртүрлі әлеуметтік желілер және басқа да байланыс құралдары арқылы жүгінген.

Қандастардың жолдаған негізгі сұрақтары ҚР азаматтығын алуға, ықтиярхат алуға, пандемия кезінде 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек алу мәселесіне, сондай-ақ білім гранттары мен үй-жай мәселесін шешуше қатысты болды.

Әлемнің түкпір-түкпірінен хабарласқан қандастарымыздың дені Моңғолия, Қытай және Өзбекстаннан болды.  Сондай-ақ Фронт-офиске сұрақ қойып, өз мәселесімен жүгінген адамдар арасында Қырғызстан, Ауғанстан, Ресей және тағы басқа елдердің азаматтары бар.

Еске сала кетейік, қандастарымыз өз мәселесі бойынша еліміздің 10 аймағында орналасқан Фронт-офситерге жүгіне алады. Сондай-ақ әлемдегі және еліміздегі кез келген қандасымыз өз мәселесі бойынша Байланыс орталығының 1404 (дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00) тегін нөміріне хабарласа алады. Сондай-ақ төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:

✔️1404 (барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін);

✔️8 800 080 1404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін);

✔️+7 (7172) 981404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін, халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген ставкамен);

✔️8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарлар мен қоңыраулар үшін).

29 Қараша, 2020

Кері байланыс

Записаться