Нұр-Сұлтан қаласында қандасымыз «Шығыс медицина орталығын» ашты

08 Желтоқсан, 2020

Тәуелсіздік жылдарынан бері Қазақстан Республикасына миллионнан астам қандасымыз келді. Елге келген ағайын ауыл-шаруашылығы, білім беру, экономика, мәдениет сынды қоғамның әр саласында жемісті қызмет атқарып жатыр. Қазіргі жұқпалы індет тараған уақытта «Ақ қалатты абзал жандардың» еңбегін ерекше атап өтуге болады. Қандастар арасында денсаулық сақтау саласының мамандары да бар. Атап айтсақ, қытайдан келген қандасымыз Есбол Мұқанұлы.

Шығыс медицина орталығының жетекшісі Есбол Мұқанұлы 1985 жылы Қытай Халық Республикасы, Алтай аймағы, Қаба ауданында туған. 2004 жылы қазақ еліне келіп, 2005-2012 жылдары Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін бітірген. 2015-2016 жылдары Қытай еліндегі Шин-Жияң медицина университетінен шығыс медицинасы бойынша білімін толықтырыпты. 2016 жылдан бері инемен емдеумен айналысып, жекелік клиникасын ашып науқастарға қол ұшын созыпты.

«Шығыс медицина орталығы» ине және отпен емдеу, шөп дәрі, сондай-ақ, омыртқа, асқазан, өт жолдары және тағы басқа ауруларды емдейді.

Нұр-Сұлтан қаласында «Шығыс медицина орталығын» ашып жатқан қандасымыздың қызметіне табыс, отбасына амандық тілейміз!

Нұр-Сұлтан қаласында қандасымыз «Шығыс медицина орталығын» ашты