Құрметті отандастар, Жаңа жыл құтты болсын!

31 Желтоқсан, 2020

Сіздерді Жаңа жылмен жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге келіп жеткен 2021 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілейміз!

Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!

Ескі Жылдың қайғы-мұңын, өкпе-наздың барлығын артқа тастап, кіріп келе жатқан Жаңа Жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алуға тілектеспіз. Әрбір кірген жаңа Жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады, сондықтан, ардақты ағайын, өкпе-назымызды, өкініш-мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі Жылға қалдырып, Жаңа Жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік.

Жаңа 2021 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауызбіршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!

Ізгі ниетпен, "Отандастар қоры" КеАҚ

Құрметті отандастар, Жаңа жыл құтты болсын!