Қазақстанға қоныс аударуды жоспарлаған қандастарға арналған кеңестер

10 Қаңтар, 2021

Қазақстанға қоныс аударуды жоспарлаған қандастарға арналған кеңестер.  Жадынама:

Жеке сәйкестендіру нөмірін алу үшін:

Сізге қала немесе аудандағы мемлекеттік кірістер/салық басқармасына жүгіну қажет.

Қажетті құжаттар:

- бейрезидент жеке тұлғаның, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат;

- салықтық тіркеу нөмірін көрсете отырып, азаматтық елде салықтық тіркелгенін растайтын құжат; (бар болған жағдайда)

- Республикадағы көздерден алынған кіріс сомасын растайтын құжаттар; (бар болған жағдайда)

Қандас мәртебесін алу үшін:

Сізге ХҚКО жүгіну қажет.

Қажетті құжаттар:

-  Ұлты қазақ екендігін анықтайтын анықтама, нотариуспен бекітілген аудармасымен бірге;

-  Өмірбаян, еркін үлгіде;

-  Арнайы үлгідегі өтініш;

-  Сурет 3*4 (2 дана);

-  ЖСН (көшірмесі);

-   Паспорт, балаларының туу туралы куәлігі, нотариуспен бекітілген аудармасымен бірге; (Бар болған жағдайда)

-  Неке қию куәлігі (қайтыс болған, ажырасу), нотариуспен бекітілген аудармасымен бірге; (Бар болған жағдайда)

-  Диплом және біліктілік, мамандық куәліктері, аудармасы (бар болған жағдайда)

Барлық құқықтар қорғалған. EL.KZ белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://el.kz/kandastar/detail/eto_vazhno/aza-stan-a_-onys_audarudy_zhosparla-an_-andastar-a_arnal-an_ke-ester/

Қазақстанға қоныс аударуды жоспарлаған қандастарға арналған кеңестер