Наурыз айындағы Фронт-офистер жұмысы

Қазіргі кезде дүниежүзіне және Қазақстанда тараған COVID-19 вирусына байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан «Отандастар қорының» Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы өз жұмысын жалғастырып жатыр.

Осы орайда 2021 жылғы наурыз айында Қоғамның аймақтардағы Фронт-офистеріне 405 қандасымыз көмекке жүгінген. Олар жиі қойған сұрақтар тізімінде жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек алу, құжаттандыру, ҚР азаматтық алу, ықтиярхат мәселесі, сондай-ақ білім алуға қатысты сауалдар болды.

Әлемнің түкпір-түкпірінен хабарласқан қандастарымыздың дені Қытай, Өзбекстан және Моңғолиядан болды. Сондай-ақ Фронт-офиске сұрақ қойып, өз мәселесімен жүгінген адамдар арасында Ауғанстан, Түркия, Қарақалпақстан сияқты елдердің азаматтары да болды.

Еске сала кетейік, қандастарымыз өз мәселесі бойынша еліміздің өңірлерінде жұмыс істейтін Фронт-офситерге жүгіне алады. Сондай-ақ еліміздегі қандастар мен шетелде тұратын қазақтар өз сұрақтарын 1404 (дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00) нөміріндегі Байланыс-орталығына хабарласып, қоя алады.

01 Сәуір, 2021

Кері байланыс

Записаться