«Отандастар қоры» мен Көші-қон қызмет комитеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

15 Сәуір, 2021

«Отандастар қоры» КЕАҚ және ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Екі жақты әріптестікке бағытталған құжатқа ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті (бұдан әрі – Комитет)  төрағасы Қабденов Мұрат Талапұлы пен «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов қол қойды.

Меморандум мақсаты - Қазақстан Республикасының көші-қон саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар шеңберінде елге көшіп келген этникалық қазақтарды құқықтық, консультативтік, ақпараттық және тағыда басқа мәселелер бойынша қолдау бағытында Тараптардың жүйелі өзара іс-қимылы мен конструктивтік ынтымақтастығын қамтамасыз ету.

Тараптар өзара мүддені білдіретін нормативтік құқықтық актілермен, өзге де ашық құжаттармен және ақпаратпен алмасуға, этникалық көші-қон үрдісіндегі мәселелерді талқылау үшін бірлескен кездесулер мен консультациялар ұйымдастыру және өткізуге, қандастардың өзекті мәселелерін жедел және сапалы шешу бойынша Қоғамның өңірлердегі фронт-кеңселеріне заңнамада шеңберінде көмек көрсетуге, Комитеттің қандастарды құжаттандыруға бағытталған науқандарын Қоғаммен бірлесе ұйымдастыруға және т.б. іс-шарал өткізуге келісті.

Жиын барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасай отырып, осы бағыттағы іс-шаралар жоспарын талқылады.

«Отандастар қоры» мен Көші-қон қызмет комитеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды