«Отандастар қоры» қолдауымен Томск облысындағы «Ресей-Қазақ үйі» мен ҚР АШМ арасында онлайн кездесу өтті

27 Сәуір, 2021

2021 жылғы 27 сәуірде «Отандастар қоры» КеАҚ қолдауымен РФ, Томск облысындағы «Ресей-қазақ үйі» мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті арасында ZOOM платформада онлайн кездесу өтті.

Бұл кездесуге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін  өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Ахметов Еркебұлан Қартайұлы, РФ, Томск облысы «Ресей-қазақ үйінің» төрағасы Орынғожын Ұрықбай Қамешұлы, РҚҮ Басқарма мүшесі Лосий Роман Сергеевич, Сыздықбеков Қанат Совханович, Шалимов Вячеслав Александрович және «Отандастар қоры» КеАҚ Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің басқарушы директоры Әбілдинова Әлия Сапабекқызы қатысты.

Кедесу барысында өзара ынтымақтастықта жұмыс істеу үшін мал шаруашылығы саласындағы жүзеге асырылатын пәрменді жобалар талқыланды.

«Отандастар қоры» қолдауымен Томск облысындағы «Ресей-Қазақ үйі» мен ҚР АШМ арасында онлайн кездесу өтті