«Отандастар қоры» КЕАҚ мен Қазақ технология және бизнес университетінің басшылары кездесті

30 Сәуір, 2021

2021 жылы 30 сәуір «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов пен Қазақ технология және бизнес университетінің ректоры Мұхтар Байжұмановтың ресми кездесуі өтті.

Кездесуге «Отандастар қоры» КЕАҚ өкілдері – Жобалар координаторы Дидар Болат, Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің басқарушы директоры Әлия Абельдинова, Қазақ технология және бизнес университеті тарапынан – Ғылым, инновациялық технологиялар және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры Ринат Жанбаев, «Этно-мәдени орталық» директоры Қазипа Қалиқызы қатысты.

Кездесу аясында қазақ халқының қолданбалы өнері мен Қазақстанның киелі жерлерін таныстыруға бағытталған мәдени және білім жобаларын бірлесіп іске асыру, сонымен қатар шетелдегі қазақ жастарын отандық жоғары оқу орындарына тарту мәселелері талқыланды.

Ынтымақтастықтың басым жобаларының бірі «Этно-мәдени орталық» құру, және бұл жұмысқа қандастар қатарынан халықтық қолданбалы өнер шеберлерін тарту көздеседі.

«Отандастар қоры» КЕАҚ мен Қазақ технология және бизнес университетінің басшылары кездесті