Шілде айындағы Фронт-офистер жұмысы

02 Тамыз, 2021

Қазіргі кезде дүниежүзіне және Қазақстанда тараған COVID-19 вирусына байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан «Отандастар қорының» Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы өз жұмысын жалғастырып жатыр.

Осы орайда шілде айында Қоғамның аймақтардағы Фронт-офистеріне 401 қандасымыз көмекке жүгінген. Олар жиі қойған сұрақтар тізімінде ҚР азаматтық алу, білім және мәдениет, уақытша тіркеуге қатысты сауалдар болды.

Әлемнің түкпір-түкпірінен хабарласқан қандастарымыздың дені Қытай, Өзбекстан және Моңғолиядан болды. Сондай-ақ Фронт-офиске сұрақ қойып, өз мәселесімен алыс-жақыннан да отандастарымыз жүгінген.

Еске сала кетейік, қандастарымыз өз мәселесі бойынша еліміздің өңірлерінде жұмыс істейтін Фронт-офситерге жүгіне алады. Сондай-ақ еліміздегі қандастар мен шетелде тұратын қазақтар өз сұрақтарын 1404 (дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00) нөміріндегі Байланыс-орталығына хабарласып, қоя алады.

Шілде айындағы Фронт-офистер жұмысы