Киберспорттан шетелдегі отандастар арасында Халықаралық онлайн-турнир өтеді

23 Тамыз, 2021

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Отандастар Қоры" мен "Qazaq Cybersport Federation" шетелдегі отандастардың арасында киберспорт бойынша жарыс өткізеді.

Онлайн-турнир 2021 жылдың қыркүйек-қазан айына жоспарланып отыр.

Шара Қазақстаннан шет мемлекеттерде тұратын, киберспорт бойынша өз шеберлігін көрсеткісі келетін қандастарға арналған.

Қатысуға ниет білдірген әр адам сауалнамадан өтуі керек. Ал сауалнама 2021 жылдың 31 тамызына дейін өткізіледі.

Одан кейін Отандастар Қорының веб-сайтында кибержарысқа тіркелу үшін арнайы сілтеме жарияланады.

Қосымша хабарландырулар алдағы уақытта жарияланады.

Тіркелу үшін +7 775 5105191 нөміріне (Алжан Шарипов, @alzhanmyrza) хабарласа аласыз.

Сауалнама: https://forms.gle/bhZ7ADqW64tksQBG6

Киберспорттан шетелдегі отандастар арасында Халықаралық онлайн-турнир өтеді