«Қазақстан - жүрегімде!» атты халықаралық фотобайқауының жеңімпаздары

06 Қыркүйек, 2021

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шетелде тұратын отандастар арасында өткен «Қазақстан - жүрегімде!» атты халықаралық фотобайқауының қорытындысы қазылар алқасының талқысынан өткізіліп,  байқау жеңімпаздары анықталды.

Барлық қабылданған жұмыстар қазылар алқасымен әділ бағаланып, байқаудың жүлделі орындары бойынша түпкілікті нәтижесі шығарылды.

Өз жұмыстарын жолдаған барлық үміткерлерге байқауға қатысқаны үшін сертификат және барлық жеңімпаздарға арнайы диплом, құрмет грамотасы мен  сыйлықтар табысталады.

Байқау қатысушыларының жұмыстары Ережеде көрсетілген талаптарға сай бағаланды. Жеңімпаздар тізімі мына төмендегідей:

 

«Әдемі тұлғалар» номинациясы бойынша:

1-орын Митенбаева Меруерт (Науаи, Өзбекстан);

2-орын Сайлау Гүлдаурен (Моңғолия);

3-орын Галиева Асель (Ишим, Ресей).

 

«Менің сүйікті өлкем» номинациясы бойынша:

1-орын Ахжан Оспан (Моңғолия);

2-орын Жарқынбек Жұмаділұлы (Қытай);

3-орын Сана Ескелді (Горган, Иран).

 

«Тұрмыс және салт-дәстүр» номинациясы бойынша:

1-орын Рзахметова Балжан (Үшқұдық, Өзбекстан);

2-орын Киякова Менслу (Орынбор, Ресей);

3-орын Жексенбай Қайыпұлы (Моңғолия).

 

Ерекше шығармашылық көрініс бойынша жеңімпаздар:

  1. Мельникова Виктория (Алматы, Қазақстан);
  2. Искакова Эльвира (Минск, Беларусь);
  3. Ахмарал Ханат (Баян-Өлгей, Моңғолия);
  4. Алимханова Гаухар (Финляндия).
«Қазақстан - жүрегімде!» атты халықаралық фотобайқауының жеңімпаздары