Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын қандас студенттермен кездесу ұйымдастырылды

13 Желтоқсан, 2021

Қазан-Қараша айларында Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ шетел азаматтарының қатысуымен кездесулер өтті.

Кездесудің басты мақсаты этникалық қазақтардың көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын жүзеге асыру.

Кездесуге Қосымша білім беру факультетінің әдіскері Гульвира Кенжебекова , «Отандастар Қоры» КеАҚ Қандастарды қолдау департаментінің бас менеджері Еркебұлан Меңлібаев, Ұлттық тестілеу орталығының маманы Бахытгүл Амзеева, «Жас Қазақ» Халықаралық жастар ұйымының төрағасы Алжан Шарипов қатысты. «Отандастар Қоры» КеАҚ Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің білім бағыты бойынша менеджер Еңлік Бердірахманова Қоғамның негізгі мақсатымен білім бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Кездесу барысында жоғарыда аталған өкілдер күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпарат берді.

Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын қандас студенттермен кездесу ұйымдастырылды