Дайындық бөлімі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 405 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 қыркүйекте № 21238 болып тіркелді

Оқу мерзімі: қазан-мамыр аралығы

Құжат қабылдау уақыты: 5 тамыздан 5 қыркүйекке дейін.

Құжат тапсыру ережесі «Отандастар қоры» КеАҚ ұсынысымен 2019 жылдан бастап «Онлайн» форматқа ауыстырылды.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар мынадай құжаттарды ұсынады:

1) электрондық немесе қағаз түрінде қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы;

3) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы және мөрдің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған сканерленген аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда);

4) "Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша медициналық анықтама.

Грант саны: 1300 орын.

Толық ақпарат үшін: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021238

Құрамында: «Отандастар Қоры» және таңдаулы ЖОО-лар.

«Отандастар қоры» КеАҚ ұсынысымен:

- құжат қабылдау «онлайн» форматқа ауыстырылды

- құжат қабылдау ережесі жеңілдетілді (аудармасыз қабылданады)

- жатақханалар тегін берілу ұсынылды.

- медициналық сақтандыру мәселелері жүйеленуде.

22 Ақпан, 2022

Кері байланыс

Записаться