«НАУРЫЗ-БАТА» байқауы

Ұлыстың ұлы күні, шығыстың Жаңа жылы - Әз-Наурыз мерекесіне орай «Отандастар қоры» алыс-жақын шет елдердегі этникалық қазақтар мен атажұртқа оралған қандастар арасында «НАУРЫЗ-БАТА» байқауы өтеді!

Салиқалы сайысқа жасы 40-тан асқан кез келген ер-азаматтар қатыса алады. Көнеден жаңаға, бабадан балаға жалғасып келе жатқан салт-санамызды жаңғыртып, дәстүрімізді дәріптейтін байқаудың басты талабы - аталы сөзбен өрілген бата-тілек жолдау  арқылы отаншыл рухты оятып, ұлтты ұйыстыруға, ел бірлігін нығайтуға үндейтін мазмұнда болуы шарт. Тақырыпқа сай таңдаулы бата-тілектер ұялы телефонға немесе бейнетаспаға жазылып, дайындалған видеороликтер «Отандастар қорының» мына әлеуметтік желілеріне жолдануы тиіс:

- Фейсбук: https://web.facebook.com/OtandastarQory/;

- Инстаграм: https://www.instagram.com/otandastar_qory/;

- Телеграм: https://t.me/otandastar

- WhatsApp+7 778 682 55 25 (жоба авторы: Серік Бегалыұлы)

Шығармашылық жұмыстар 15-ақпан мен 15-наурыз аралығында қабылданады.

Байқауда байсалды бата беріп, бағы жанған отандастарға ұлттық  тарту-таралғылар табысталады!  

Байланыс телефоны: +7 /7172/ 23 59 22

WhatsApp: +7 778 682 55 25

22 Ақпан 2022

Кері байланыс

Записаться