2020 жылдың 17 қазанынан бастап ZOOM платформасында шетелдегі отандастарымызды ұлттық аспаптарда (домбыра, қобыз және т.б.) ойнауды онлайн оқыту жобасы іске қосылды. Ұлттық аспаптарда онлайн оқыту жобасының арқасында шетелдегі отандастарымызда ата-бабаларымыздың дәстүрлерін жалғастыруға тамаша мүмкіндігі бар.
Бүгінгі күні ZOOM платформасында «Домбыра» циклы - домбырада ойнауды және ән айтуды үйрету бойынша онлайн-сабақтары жалғасуда. Онлайн-сабақта домбыраны үйретудің алғашқы дағдыларын қалыптастыра отырып, алдымен домбырада бір күй ойнауды үйретеді. Сондай-ақ, сабақ барысында күй тарихы, оны орындау ерекшеліктері егжей-тегжейлі сипатталады және өнердің әр түрлі қырлары ашылады. Домбыраның қою үнін тыңдай отырып, туған өлкенің табиғатын, жүйрік аттардың шабысын естіп, тамаша күйшілер мен ақындардың толғаныстарын сезінесіз.
Қатысушылар 59 адам - Ресей, Иран, Норвегия, Өзбекстан, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Литва, Финляндия, Түркия елдерінде тұратын этникалық қазақтар.