Орынбор қазақтары Қазақстанға танымдық сапармен келді

01 Наурыз, 2022

«Отандастар Қоры» КеАҚ шетелде тұратын қазақтармен және қазақ мәдени орталықтарымен үнемі байланыста. Солардың бірі – «Орынбор аймақтық қазақ-ұлттық мәдени автономиясы» (әрі қарай – Қоғамдық ұйым).

Аталмыш Қоғамдық ұйымының белсенділері 2022 жылдың 17 ақпанында Қазақстанға танымдық сапармен келіп, «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамның жұмысымен, ұжымымен танысты.

Бағдарламаға сәйкес шетелдік қонақтар 18-19 ақпан күндері Нұр-Cұлтан қаласында қазақтың ұлттық мәдениеті, әдет-ғұрпы және қазақ тілі тақырыбына қатысты шеберлік сағаттарына қатысады.

Танымдық сапардың басты мақсаты – өздері алыста тұрса да, Қазақстанға келіп, ұлттық құндылықтарды тану арқылы оларды Орынбор қазақтары арасында әрі қарай дәріптеу.

Орынбор қазақтары Қазақстанға танымдық сапармен келді