Стипендиялық бағдарлама

21 Ақпан, 2022

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 қазанда № 17520 болып тіркелді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.

Үміткерлер құжаттарды онлайн түрде 2022 жылғы 30 наурыздан 30 маусымға дейін тапсыра алады.

Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының сайты арқылы төменде көрсетілеген құжаттарды тапсырады.

Грант саны:

1. Бакалавриат – 490

2. Магистратура – 50

3. PhD докторантура – 10

Бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша:

  1. Паспорт;
  2. Алдыңғы білім деңгейі туралы (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен) транскриптімен және қосымшасымен құжат (бакалавриатқа түсушілер үшін – орта білімін растайтын құжаттың орташа балы) кем дегенде «жақсы»);
  3. Қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде мотивациялық эссе;
  4. Өтініш беруші оқыған білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі ұсыныс хаты;
  5. Медициналық анықтама (терапевттің, наркологтың, психиатрдың қорытындылары, сондай-ақ рентгендік (флюорографиялық) зерттеудің, зертханалық зерттеулердің деректері, сондай-ақ вирусы АИТВ-инфекциясы және ЖИТС жоқтығын растайтын медициналық анықтама бар шетелге оқуға кететін адамға арналған медициналық анықтама). Егер шетелге оқуға баратын адамның медициналық анықтамасында аталған медициналық қорытындылар болмаса, онда бұл қорытындылар жеке ұсынылады;
  6. Тапсырушының өтінімі;
  7. Қазақстан университетінің шақыру хаты (бар болса).

Магистратура білім беру бағдарламалары бойынша:

  1. Паспорт;
  2. Транскрипті және қосымшасымен алдыңғы білім деңгейі туралы құжат (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен) (орташа GPA кемінде 3,0 (4,0-ден) орта балымен бакалавр немесе маман дипломы);
  3. Қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде мотивациялық эссе;
  4. Өтініш беруші оқыған білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі 2 ұсыныс хаты;

  8. Шет тілін білуді растайтын халықаралық сертификат:
  1. Ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic) шекті баллкемінде 5,5;
  2. TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті баллкемінде 46;
  3. TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті баллкемінде 453;
  4. Неміс тілі: Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (DSH, Niveau B2/level B2), TestDaF-Prufung (Niveau B2/level B2);
  5. Француз тілі: TFI (Test de Français International™) - оқу және тыңдау бөлімдерінде B2 деңгейінен төмен емес), DELF (Diplome d'Etudes en Langue française) - деңгей B2, DALF (Diplome Approfondi de Langue française) - B2 деңгейі, TCF (Test de connaissance du français) – кемінде 50 ұпай.
  6. Көрсетілген тілдер ана тілі болып табылатын тұлғаның шет тілін білуін растайтын халықаралық сертификат талап етілмейді;

PhD докторантура:

  1. Паспорт;
  2. Транскрипті және қосымшасымен алдыңғы білім деңгейі туралы құжат (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен) (орташа GPA кемінде 3,0 (4,0-ден) орта балымен бакалавр немесе маман дипломы);
  3. Қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде мотивациялық эссе;
  4. Өтініш беруші оқыған білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі 2 ұсыныс хаты;
  5. Медициналық анықтама (терапевттің, наркологтың, психиатрдың қорытындылары, сондай-ақ рентгендік (флюорографиялық) зерттеудің, зертханалық зерттеулердің деректері, сондай-ақ вирусы АИТВ-инфекциясы және ЖИТС жоқтығын растайтын медициналық анықтама бар шетелге оқуға кететін адамға арналған медициналық анықтама). Егер шетелге оқуға баратын адамның медициналық анықтамасында аталған медициналық қорытындылар болмаса, онда бұл қорытындылар жеке ұсынылады;
  6. Тапсырушының өтінімі;
  7. Қазақстан университетінің шақыру хаты (бар болса);
  8. Диссертациялық зерттеу тақырыбының (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) негіздемесі;
  9. Шет тілін білуді растайтын халықаралық сертификат:
  1. Ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic) шекті баллкемінде 5,5;
  2. TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті баллкемінде 46;
  3. TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті баллкемінде 453;
  4. Неміс тілі: Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (DSH, Niveau B2/level B2), TestDaF-Prufung (Niveau B2/level B2);
  5. Француз тілі: TFI (Test de Français International™) - оқу және тыңдау бөлімдерінде B2 деңгейінен төмен емес), DELF (Diplome d'Etudes en Langue française) - деңгей B2, DALF (Diplome Approfondi de Langue française) - B2 деңгейі, TCF (Test de connaissance du français) – кемінде 50 балл;

Стипендиялық бағдарламаның операторыҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы.

Толық ақпарат үшін:

1. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017520

2. https://enic-kazakhstan.edu.kz/post/151

Стипендиялық бағдарлама