«Наурыз-бата» халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды

08 Сәуір, 2022

«Отандастар қорының» ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы мерекесі - Әз-Наурыз мейрамына арналған «Наурыз-Бата» байқауының жүлдегерлері марапатталды.

Аталы сөз байқауында мәнді де мағыналы, салмақты да салиқалы бата берген ақсақалдардың ішінде оқ бойы озық тұрып, оза шапқан Моңғолиядан оралған қандасымыз ҚАЗЫ БӘКЕЙҰЛЫ І дәрежелі дипломмен марапатталып, қасиетті қара домбыраға ие болды. Бұл хас шебердің қолынан шыққан домбыраны сыйға тартып, демеушілік еткен "Зерделі ақыл-ойды" дамыту орталығының құрылтайшысы әрі басшысы Ырысбек Мәуітұлы мырзаға алғыс білдіреміз.

Ал Қытайдан оралған қандасымыз КӘДІРХАН ҚИЗАТҰЛЫ II орын алса, Өзбекстан Республикасынан қатысқан отандасымыз ЖАРАСҚАН МЫРЗАМҰРАТОВқа ІІІ орын бұйырды.

Сонымен қатар аталмыш додаға ҚХР, Шыңжан, Санжы қаласынан бірнеше батасын жолдаған ҚЫЗЫРБЕК АХМЕТҚАЛИҰЛЫ арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

«Наурыз-бата» халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталды