Қоғам президенті жазушы, тарихшы, академик Жәди Шәкенұлын қабылдады

03 Мамыр, 2022

«Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы 3 сәуір күні жазушы, тарихшы, академик, Қазақстан және Еуразия Жазушылар одағының мүшесі Жәди Шәкенұлын қабылдады.

Кездесу барысында Жәди Шәкенұлы зерттеу және шығармашылық жұмыстарымен таныстырып, этникалық қазақтар тақырыбының кітаптарда және баспасөзде көтерілу мәселесін қозғады.

Өз кезегінде Абзал Сапарбекұлы Қоғам жұмысы мен міндеттері аясында түрлі жобаларды бірлесе пысықтауға дайын екендігін білдірді.

Жәди Шәкенұлы Қытай аумағына қарасты Өр Алтай жерінде дүниеге келген. 1997 жылы атажұртқа оралған сәттен бастап қазақ баспасөзі саласында редактор, меңгеруші, баспасөз хатшысы, баспасөз орталығының басшысы сияқты бірқатар қызметтерді атқарған.

Бүгінде қазақ қауымына жазушы «Қытайдағы қазақтар» және «Қытай қазақтарының әдебиеті», «Түркілік тек және қазақ тұрғақтары» зерттеулері және «Қаралы көш» тарихи романының авторы ретінде белгілі.

Қоғам президенті жазушы, тарихшы, академик Жәди Шәкенұлын қабылдады