Шетелдегі қандастар түлектердің назарына!

11 Шілде, 2022

2022 жылғы 13-20 шілде аралығында ҰБТ тапсырған қандастарға грантқа құжаттар қабылдау басталады.

Қажетті құжаттар тізімі 

1) Аттестат (Диплом), (қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы. Тұратын еліңізде жасай аласыз);
2) Жеке басын куәландыратын құжат (паспорт), сондай-ақ бар болған жағдайда ықтиярхаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы). Тұратын еліңізде жасай аласыз);
3) 3x4 өлшемді электронды фото;
4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген Электрондық форматта 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама.
5) Қазақ екенің растайтын анықтама (құжат) 
6) Папка (скоросшиватель) 
7) 2 файл

Қосымша ақпарат алу үшін өзіңіз таңдаған университетке тікелей хабарласасыз.
(Байланыс нөмірі ресми сайттарында көрсетілген)

Шетелдегі қандастар түлектердің назарына!