"Отандастар қоры" "ӘР ҚАЗАҚҚА - БІР КІТАП!" акциясын бастайды!

Құрметті қазақстандықтар!
«Отандастар қоры» Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесе отырып, халқымыздың әдебиеті, тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін кітаптарды алыс-жақын шет елдерде тұратын қандастарға табыстау мақсатында «ӘР ҚАЗАҚҚА - БІР КІТАП!» акциясын бастайды.

Игі шара қыркүйектің 16-нан бастау алады.

Алыстағы ағайынға тарту етер кітаптарыңыз болса, 1404 тегін байланыс нөміріне хабарласып, өз өңіріңіздегі қабылдау бөлімшесі туралы біле аласыз.
Баршаңызды кітап жинау акциясына атсалысуға шақырамыз!

Ескі-жаңа демейік, Қолда барын берейік!
Кітап қорын жинайық, Шетелдегі әр қазаққа сыйлайық!

16 Қыркүйек 2022

Кері байланыс

Записаться