Дәлелхан Жаналтайдың 100 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті

03 Қазан, 2022

2022 жылғы 30 қыркүйекте “Отандастар қоры” Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен бірлесіп «Архив және қоғам. Тәуелсіз Қазақстан тұлғалары: Дәлелхан Жаналтай» тақырыбындағы дөңгелек үстелі мен тарихи-құжаттық көрме ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында өтті.
Іс-шара шетелдегі қазақ диаспорасының көрнекті өкілі, қоғамдық-саяси қайраткер Дәлелхан Жаналтайдың (1922-2012) дүниеге келгеніне 100 жыл толуына арналған. Көрмеде ұсынылған архивтік құжаттар Қазақстан Республикасы Президенті Архивіндегі Д. Жаналтайдың жеке қорында мемлекеттік сақтауда орналасқан.
“Отандастар қоры” Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің қолдауымен “Дәлелхан Жанымханұлы Жаналтай. Құжаттар жинағы” кітабының тұсаукесері болды.

Дәлелхан Жаналтай 1922 жылы 15 маусымда Алтай ауданы (қазіргі Қытай Халық Республикасы, Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданы) Алтай аймағындағы Өрмегейті жайлауында дүниеге келген. Дiни медресенi бiтiріп, 1937 жылы әкесiмен бiрге қaжылық парызын өтеген. 1940 жылдан бастап қоғамдық қызметке кіріскен. 60-шы жылдары Түркияға қоныс аударған. Д.Жаналтай «Қилы заман, қиын күндер» романының авторы. Ол оқу-ағарту жұмыстарымен қатар, қазақтардың, қырғыздар мен ұйғырлардың құқықтық қорғау қызметтерімен айналысқан. Дәлелхан Жаналтай көп тілді меңгерген, aнa тiлі қaзaқшaмен қатар aрaб, қытaй, орыс, aғылшын, урду және түркi тiлдерiн еркін білген.
Дөңгелек үстел жұмысына шетелдегі қазақ диаспорасының көрнекті қайраткерлері, Қазақстанға оралған қандастар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Дәлелхан Жанымханұлы Жаналтайдың туыстары қатысты.

Дәлелхан Жаналтайдың 100 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті