Этно стильдегі әндерді заманауи нұсқада орындап, Азия үздіктерімен бір сахнада өнер көрсетіңіз!

15 Мамыр, 2023

Алматының әсем тауларындағы «Медеу» мұз айдынында аты аңызға айналған қазақстандық «Азия дауысы» фестивалі 18 жылдан кейін қайта жаңғырмақ.
 Азияның түкпір-түкпірінен келген үздіктермен бір сахнада өнер көрсеткіңіз келсе «Отандастар қоры» КеАҚ және "Азия Дауысы" халықаралық фестивлі ҚҚ бірлесіп ұйымдастыруымен шетелде тұратын этникалық қазақтар арасында онлайн форматта өтетін халықаралық этно әндер байқауына қатысуға шақырамыз!

Байқау шарттары:
1. Байқауға кез-келген жастағы  конкурс жүлдегерлері қатыса алады. 
2. Әншілер байқауға жеке және топтық түрде қатыса алады.
3. Қатысушылар 2-4 минут аралығында, жанды дауыста этно стильде ән орындап mp4 форматтағы видео ретінде fund.otandastar@gmail.com эл-почтасына төмендегі көрсетілген ақпараттармен бірге жолдауы керек.
-Толық аты-жөні;
-Жасы;
-Мемлекеті;
-Қызметі;
-Орындаған ән атауы;
-Конкурстан жеңіп алған сертификаттары;
-Түсірген бейнеклиптері немесе бұрынғы орындаулары. 
4. Қатысушы өзі жіберген бейнежазбаның әлеуметтік желілерде жариялануына келісуі керек.
3. Жолдайтын өз бейнежазбасын әлеуметтік желіде @otandastar_qory – Instagram, @OtandastarQory – Facebook, @otandastarqory – TikTok парақшасын белгілеп бөлісіп, #OQbaikau; #AsiaDauysy хэштегтерін белгілеп салу қажет.
Қатысушылардың байқау бойынша жұмыстары:
Бейнежазбалар 2023 жылғы 29 сәуірден 29 мамыр аралығында fund.otandastar@gmail.com электронды почта арқылы қабылданады. 
Байқау жеңімпазы 2023  жылғы «Азия Дауысы» фетивалінде өнер көрсетуге ЖОЛДАМА ұтып алады. 
Сұрақтар үшін: +77471783938

Этно стильдегі әндерді заманауи нұсқада орындап, Азия үздіктерімен бір сахнада өнер көрсетіңіз!