«Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасының Ұлтаралық қатынастар және шетелдермен достық байланыстар комитетінің төрағасы Рустамбек Құрбановпен кездесті

16 Мамыр, 2023

Жылы шырайда өткен кездесу барысында тараптар Қазақтан мен Өзбекстан арасындағы достық, ынтымақтастық қарым-қатынастарды тереңдету жолында екі құрылымның алдағы іс-шараларды бірлесіп өткізу жоспарларын талқылады. Атап айтқанда,  Қор мен Комитет арасында Өзара түсіністік меморандумның жасалу барысы туралы пікір алмасу өтті.

Комитет төрағасы Р.Құрбанов биыл Өзбекстанда өтетін дәстүрлі мәдени іс-шараларға Қазақстан тарабын қатысуға шақырды. Тараптар алдағы уақытта екі елдің шекаралас аймақтағы қазақ және өзбек  жастарының мәдени-спорттық кездесуін өткізу жөнінде келісімге келді.
 
Сонымен қатар Абзал Сапарбекұлы Өзбекстанның «Ватандошлар» Қоғамдық қор басшысы Одилжан Саттаровпен кездесті. Кездесу барысында тараптар биыл жыл басында Астанада қол қойылған Өзара түсіністік меморандум шеңберінде іс-шаралар жоспарының орындалу барысын талқылады.
Кездесуде тараптар алдағы уақытта Түрік Мемлекеттері Ұйымы (ТМҰ) аясында Европа мен Америка елдерінде тұратын диаспора өкілдерінің Наурыз мерекесін, ұлттық мейрамдарын шетелдерде тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жерлестерімен бірлесіп өткізу жөнінде келісті.
Кездесу достық шырайда өтті.

 

«Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасының Ұлтаралық қатынастар және шетелдермен достық байланыстар комитетінің төрағасы Рустамбек Құрбановпен кездесті