Отандастар қоры жыл бойы онлайн форматта қазақ тілі курсын үздіксіз ұйымдастырады. Сабақтар қазақ-ағылшын, қазақ-орыс, қазақ-парсы және қазақ-түрік тілдерінде өткізіледі. Қатысушылар тілді білу деңгейі және тұратын елінің уақыттық ерекшелігіне қарай деңгейлік топтарға бөлінеді.
Қатысу - тегін.
Курсқа қатысу үшін 8 701 000 1404 What`s App нөміріне жазуыңызды сұраймыз.
Жобаның мақсаты. Ана тіліміздің таралу аймағын кеңейту, диаспора арасында қазақ тілінің мәртебесін көтеру, үйрету
Жобаның міндеті. Әдебиеттер мен оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ этникалық қазақтар көп шоғырланған жерлерде қазақ тілін оқыту бойынша білім беру іс-шараларын өткізу, қазақ тілін қашықтан оқытатын «онлайн» класстар ашу.
Жобаның көрсеткіштері
Өткізілген сабақ және қатысушылар саны:
2020 жылы – 333 онлайн сабақ, 1163 адам;
2021 жылы – 780 онлайн сабақ, 1398 адам;
2022 жылы (ақпан-сәуір) – 232 сабақ, 800 адам (І семестр)
Жоба серіктестері:
2020 жылы – «Зерделі» орталығы
2021 жылы – Bilim Innovations Group
2022-2023 жж. – «Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы