Әр қазаққа бір кітап



«Отандастар қоры» КЕАҚ 2022 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп, алыс-жақын шетелде тұратын қазақтарға «ӘР ҚАЗАҚҚА - БІР КІТАП!» жобасы аясында кітап тарату акциясын бастады. Бүгінде 5000-ға жуық кітап жиналды.

Сондай-ақ, 19-23 сәуір аралығында Отандастар қорының жобасы “Әр қазаққа – бір кітап!” акциясы Eurasian Book Fair -2023 VI Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі шеңберінде табысты өтті.
Шетелдегі қандастарымызға тарту етілетін кітап акциясына 70тен астам адам үлес қосты. Жиналған қаражатқа жобаға қолдау білдірген “Мазмұндама” баспасынан 30% жеңілдікпен 50-ден астам кітап сатып алынды. Сонымен қатар, Мазмұндама баспасы бірқатар кітаптарды тарту етті.