Науаиде «Əдеби достық - мəңгілік достық» іс-шарасы өтті

24 Ақпан 2024
  • Өзбекстан республикасы Науаи облысының зерлі Зарафшан қаласындағы Зəмира Рүстемова басшылық ететін 4 - қазақ мектебі аймақта атақты білім ордасы.
  •  
  • Сол білім ошағында Науаи облыстық қазақ ұлттық мəдени орталығымен біргелікте  "Əдеби достық - мəңгілік достық" тақырыбы аясында тамаша іс-шара болды.
  • Оған Өзбекстан Жазушылар одағының жанындағы Қазақ əдебиеті кеңесінің төрағасы, аудармашы Тұрсынəлі Ахметов, публицист-журналист Ақан Ташметов, Өзбекстан Жазушылар одағының Науаи облыстық бөлімі басшысы Бахриддин Садриддинов, Науаи облыстық қазақ ұлттық мəдени орталығының төрағасы Төрехан Нарынбетов, Науаи қалалық мəдени орталығының төрайымы Ажаргүл Оспанова, жергілікті ақындар Төребай Сəрсенбайұлы, Сəуірхан Ахметов, Наурызбай Жарбосынұлы, Жарасқан Мырзамұратов, Ербол Қыранбаев жəне Тания Жаңабаевалар қатысты.

  • Шарада қонақтар достық-ынтымақтастық туралы жəне жастардың шығармашылық жолына кеңінен тоқталды. Ал белгілі ақындар өз қаламынан туындаған шығармаларын тарту етсе, оқушылар Ел, жер, Отан жəне достық туралы ғажап жырларды оқып, көптің ықыласына бөленді.
  •  
  • Отандастар қорының әлеуметтік желідегі парақшалары

- Instagram: https://www.instagram.com/otandastar_qory?igsh=Mzd6NTZwa2xvaHpz
- ⁠Facebook: https://www.facebook.com/OtandastarQory?mibextid=opq0tG
- ⁠Telegram: https://t.me/otandastar
- ⁠Вконтакте: https://vk.com/fondotandastar
- ⁠Tiktok: https://www.tiktok.com/@otandastar__qory?_t=8jLwVMQDL66&_r=1
- ⁠X (Twitter): https://x.com/otandastar?s=21&t=8JRDUoQmXw09JuiKAjBLlA
- ⁠Ресми сайт: https://oq.gov.kz
- ⁠Youtube: https://youtube.com/@Otandastarchannel?si=KsuYOX_9Qay-lURC

Науаиде «Əдеби достық - мəңгілік достық» іс-шарасы өтті