Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Науаи облысында іс-сапарда жүр

26 Ақпан 2024
  • 2024 жылдың 25-27 ақпанында Өзбекстан республикасы Науаи облысында іс сапармен келген Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Бәкірұлы Науаи қаласында Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы Науаи облыстық бөлімінде болып, орталық белсенділерімен кездесті.
  •  
  • Кейін Нұрата ауданында орналасқан қазақтың бір туар тұлғасы, Кіші жүздің биі, қоғам қайраткері "Сейітқұл әулие - Әйтеке би" кесенесін зиярат етті. Киелі өлкедегі  "Чачма" мемориалды кешеніне зиярат еткен Қазақстанның Өзбекстандағы елшілік өкілдері мұндағы жасампаздық істерінің куәсі болды.

  • Нұрата ауданына жақын Кенимех ауданындағы қазақ тілінде білім беретін №14 орта мектепте болды. 1966 жылы іргетасы қаланған мектеп ұжымындағы білім беру ісімен танысқан Елші аудан әкімі Руслан Рузиевпен сұхбаттасты.

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Науаи облысында іс-сапарда жүр