«Отандастар қоры» КеАҚ қызметі және оның жобалары туралы жүргізілген сауалнаманың нәтижелері

05 Наурыз 2024

Әлемнің 40-қа жуық елінде 200-ден астам қазақ мәдени ұйымдары бар.

Қоғамдық пікір институты 2023 жылы шетелдегі қазақ мәдени ұйымдарының басшылары мен белсенділері арасында «Отандастар қоры» КеАҚ қызметі және оның жобалары туралы сауалнама жүргізді. Сауалнамаға АҚШ, Ресей, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Иран, Германия, Польша, Швейцария, Норвегия және тағы басқа елдерден 150 респондент қатысты.

Ақпарат ретінде: «Қоғамдық пікір» зерттеу институтын 2013 жылы 22 жылдан астам кәсіби жұмыс тәжірибесі бар әлеуметтанушылар тобы құрды. Институт қоғамдық пікірді зерттеуге маманданған, Қазақстанда және әлемнің басқа елдерінде маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді. Институттың жоғары кәсіби сарапшы-әлеуметтанушылары Орталық Азия, Батыс Еуропа, Ресей, Қытай, Моңғолия, Түркия, АҚШ, Канада және т.б. елдерде зерттеулер жүргізу тәжірибесі бар.

Зерттеу институтының қызметкерлері European Society of Marketing Research Professionals ESOMAR (www.esomar.org), World Association for Public Opinion Research (WAPOR), Түркітілдес елдердің әлеуметтанушылар одағы, WVS (Дүниежүзілік құндылықтарды зерттеу бойынша жоба) сияқты халықаралық кәсіби желілердің мүшесі болып табылады.

 

«Отандастар қоры» КеАҚ қызметі және оның жобалары туралы жүргізілген сауалнаманың нәтижелері