«Жас талант» байқауына қатысып, жазғы лагерге жолдама жеңіп алыңыз!

12 Наурыз 2024

 

  • Таланттарды іздейміз!
  • Отандастар қорының «Жас қазақ» жазғы этно лагеріне жолдама жеңіп алғың келсе байқауға қатысып, бағыңды сына.
  •  
  • Байқау жеңімпаздары 3 категория бойынша анықталады:
  •  – Дәстүрлі ән
  • – Ұлттық аспаптар
  • – Мәнерлеп оқу
  •  
  • Байқауға тіркелу:
  • – Qazalem порталына тіркелу (сілтеме: https://qazalem.kz/kk)
  •  
  • Байқау шарттары:
  • – Байқауға 12-17 жасар шетелде тұратын этникалық қазақ балалары қатыса алады.
  • – Бейнежазба 1 минуттан кем емес және 3 минуттан көп емес болуы қажет. 
  • – Бейнежазба сапасының жақсы болуы, дауыстың анық естілуі және киім үлгісінде қазақша элементтер болуы міндетті.
  • – Қатысушы тек жалғыз өнер көрсете алады. Топпен қатысуға болмайды.
  • – Бейнежазбамен қоса қатысушының толық аты жөні, байланыс номері, мемлекеті және және жасы туралы қысқаша ақпарат 12 сәуір 2024 жылға дейін fund.otandastar@gmail.com эл-поштаға жіберілуі тиіс.
  • – Қатысушылардың бейнежазбасы Отандастар қорының Facebook парақшасында жарияланады.
  •  
  • Жеңімпаздарды анықтау:
  • – Көрермен көзайымы номинациясы: Ең көп лайк, комментария және бөлісуге ие болған қатысушылар
  • – Қазылар алқасының таңдауы
  •  
  • Қазылар алқасының құрамына «Алаш Моңғолия» ұйымы және «Отандастар қорының» қызметкерлері қатысады.
  •  
  • Үздік 10 қатысушыға 2024 жылы өтетін «Жас қазақ» жазғы этно лагеріне тегін ЖОЛДАМА беріледі.
  •  
  • ЕСКЕРТУ: Қазақстан азаматтары және “Отандастар Қоры” КЕАҚ-тың 2019, 2022, 2023 жылы ұйымдастырған жазғы лагеріне қатысқан қатысушылар қатыса алмайды.
  •  
  • #Otandastar #Qandastar #Qazaqtar

 

«Жас талант» байқауына қатысып, жазғы лагерге жолдама жеңіп алыңыз!