Омбыда қазақ тілін үйрететін екінші онлайн сынып ашылды

18 Наурыз, 2020

2020 жылы 18 наурыз Омбы қаласында «Отандастар қорының» қолдауымен «Қазақ тілін онлайн оқыту» жобасы аясында екінші онлайн сынып салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға жергілікті Білім департаменті, Омбы қаласындағы ҚР Консулдығы және Қазақ мәдени орталығының өкілдері қатысты.

Өз кезегінде осы сыныптың ашылуына қолдау көрсеткен «Отандастар қоры» атынан «Отандастар қоры» КЕАҚ президентінің кеңесшісі Дидар Болат пен Ақпараттық талдау департаментінің директоры Нұрхан Жәлиев қашықтықтан байланысқа шықты. Олар осындай ізгі бастаманың жүзеге асып, қазақ тілін меңгеруге бағытталған жобаның сәтті іске асқанымен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың арта беретінін жеткізді.

Айта кетейік, мұндай сыныптар әлемнің басқа елдерінде де ашылған болатын. Қазақ тілін онлайн оқытуға арналған сыныптардың барлығы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Бұл туралы "EGEMEN QAZAQSTAN" РГ ақпараттық порталында да жарияланды. 

Омбыда қазақ тілін үйрететін екінші онлайн сынып ашылды