Мәдениет күніне орай ән-шашу

14 Сәуір, 2020

15-сәуір - халықаралық Мәдениет күніне орай "Отандастар қоры" қазақтың халық әндерінен шашу шашып, назарларыңызға ұлттық музыкамыздың жауһарларын ұсынады.

Тікелей эфир барысында дәстүрлі әнші, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты, "Мен қазақпын" халықаралық мега жобасының финалисі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының халық әні бөлімінің әншісі Сәулежан Тағзияұлымен шығармашылық кездесу ұйымдастырылады.

Баршаңызды 15 сәуір күні, сағат 15:30-да "Отандастар қорының" Фейсбук (https://web.facebook.com/OtandastarQory/) және Инстаграм (https://www.instagram.com/otandastar_qory/) әлеуметтік желісінде өтетін тікелей эфирді тамсана тамашалауға шақырамыз!

Мәдениет күніне орай ән-шашу