Франциядағы қандастармен онлайн кездесу өтті

18 Сәуір, 2020

«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастар қоры» Францияда тұрып жатқан қандастармен онлайн кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараға «Отандастар қоры» КЕАҚ президент кеңесшісі Дидар Болат, «Отандастар қоры» КЕАҚ Білім бағыты бойынша жауапты қызметкерлері Нұрымжан Жұмағазиев пен Алжан Шарифов және Франция елінің әр қаласында тұрып жатқан қандастар қатысты.

Бейресми форматта өткен кездесу барысында Дидар Болат «Отандастар қорының» өткен жылғы атқарылған жұмыстарымен таныстырып, болашақтағы жоспарлармен бөлісті.

Кездесу барысында Франциядағы қандастардың басын біріктіріп, таныстық аясын кеңейту бойынша ұсыныстар айтылып, оларды жан-жақты қолдау мәселесі де көтерілді. Өз кезегінде қандастар білім, мәдениет және т.б. сала аясында жобалар жасау туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

Айта кетейік, әлемде және елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты «Отандастар қоры» әлемдегі қандастармен байланыс орнатып, онлайн кездесулер ұйымдастыруда. Болашақта бұл бағытта жұмыс жалғасады және қандастарды қолдау бойынша арнайы жобалар жоспарланды.

Франциядағы қандастармен онлайн кездесу өтті