«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында «Қандастар» айдары ашылды

03 Маусым, 2020

«Атырау» телеарнасының «Қандастар» жобасын енді Qazaqstan Ұлттық тереарнасының «Таңшолпан» хабарынан көрсетілетін болады.

Таңғы бағдарламада шетелдегі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінен кеңінен хабардар ету мақсатында «Қандастар» айдары ашылды. Таңдау - «Атырау» телеарнасының өніміне түсті.

Алғашқы бөлімі Анадолы елінде тұрақтаған этникалық қазақтарға арналады. Кезінде Алтай өңірін мекендеген 48 мың қандасымыз солақай саясаттың кесірінен жан-жаққа тарыдай шашылды. Олар Гималай тауы арқылы Үндістан, Пәкістанға жетіп, кейіннен Түркияға келіп қоныстанған. Тағдыры өзге елде тоғысқан қазақтарды төларна тілшілері түгендеген болатын.

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында «Қандастар» айдары ашылды