Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні!

04 Маусым, 2020

Елдігіміздің мызғымас белгісіндей рәміздеріміз тәуелсіздігіміз бен бостандығымызды білдіреді. Ту, Әнұран, Елтаңбамыз - бабаларымыз армандаған қасиетті мемлекетіміздің нышаны.

Ашық аспанымызда Туымыз мәңгі желбіреп, Әнұранымыз шырқалып, Елтаңбамыз төрімізден түспесін! Халқымыз қиын-қыстау кезеңде бір-біріне демеу болып, биік шыңдарды бағындыратынына сенім білдіреміз.

Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтаймыз!

Осы орайда «Отандастар қоры» мен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» ұйымдастырған ҚР Мәдениет қайраткері, бойға ерекше рух беретін «Көк тудың желбірегені» әнінің сөзін жазған Алмас Ахметбекұлымен болған онлайн сұхбатын тамашалаңыздар.

Видео сілтемесі: https://www.instagram.com/p/CA_709kl7Me/

Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні!