«Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов «Qazaqstan» Ұлттық арнасына сұхбат берді

08 Маусым, 2020

Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасында «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов қонақта болды.

Тікелей эфир барысында М. Сарбасов шетелдегі қандас жастар үшін Қазақстан ұсынып жатқан білім бағдарламалары туралы ақпарат беріп, осы бағыттағы «Отандастар қорының» жұмысымен таныстырды.

Еске сала кетейік, биыл қандас жастарға атажұрт Қазақстанда оқып, еліміздің жетекші жоғарғы оқу орындарында білім алуға 1300 грант бөлінген. Сондай-ақ магистратура, докторантура бойынша білім алғысы келетіндерге Назарбаев Университетінің «Абай Кұнанбайұлы» гранттары бар.

Осы және басқа да бағдарламалар туралы мына видеодан тамашалай аласыздар: https://web.facebook.com/watch/?v=3609051529110853

«Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов «Qazaqstan» Ұлттық арнасына сұхбат берді