13 шілде – Қазақстандағы пандемия құрбандары бойынша ұлттық аза тұту күні

13 Шілде, 2020

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде күні коронавирусты инфекциядан қаза тапқан адамдар бойынша ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің халыққа теледидар арқылы жолдаған үндеуінде мәлім етті.

Президент елдің қиын сәтте бастан кешіп жатқанын атап өтті, сонымен қатар қазақстандықтарды дәрі-дәрмектерді көптеп сатып алмауға және барлық санитарлық сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды. Президенттің айтуынша, тек біріккен қазақстандықтар коронавирустық дағдарысты еңсере алады.

"Мен 13 шілде - пандемияның құрбаны болған қазақстандықтар бойынша аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылдадым. Осы күні қай жерде болса да, біздің әрқайсымыз қаза болғандарды еске алады деп сенемін", - деді ел Перзиденті.

Ол отандастарды Қазақстанға тиген сынақтар алдындағы табандылық, тыныштық пен жауапкершілік танытуға шақырды.

Өз кезегінде «Отандастар қоры» пандемиядан қайтыс болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтады.

13 шілде – Қазақстандағы пандемия құрбандары бойынша ұлттық аза тұту күні