«ОТАНДАСТАР ҚОРЫ» ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

11 Наурыз, 2021

2021 жылы 12 наурыз сағат 11:00-де «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы Қоғамдық комиссияның кезекті отырысы өтеді.

Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, комиссия төрағасы Мұрат Бақтиярұлы, Мемлекет және қоғам қайраткерлері Қуандық Тұрғанқұлов және Оралбай Әбдікәрімов, Тарих ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қаржаубай Сартқожа, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист Нұртөре Жүсіп, ҚР Мәжілісінің депутаты, ақын, Қазыбек Иса және т.б. қатысады.

Жиын барысында талқыланатын мәселелер:

- Шетелдік қазақтардың ұлттық қатыстылығын анықтау мәселесі туралы;

- Шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қолдау мәселелері: әлемдік озық үлгі және қазақстандық тәжірибе;

- Қазақстандық телебағдарламаларды шетелде тарату мәселелері (Қоғам құзыреті шеңберіндегі тақырып), оның ішінде арналарды/бағдарламаларды өтеусіз негізде тарату мүмкіндігі және шетелдегі қазақ тілді БАҚ-тың өзекті мәселелері туралы;

Қоғамдық комиссияның қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде құзырлы мемлекеттік органдарға ұсыныстар мен ұсынымдар беріледі, басқа да өзекті мәселелер талқыланады.

Ақпарат үшін:

Еске сала кетейік, 2017 жылы өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев Қазақстанды қоғамдық жаңғырту аясында шетелдегі отандастар мен тарихи Отанына оралған қандастарды қолдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берген еді. Осы саладағы мәселелерді талқылау бойынша диалог алаңы ретінде «Отандастар қоры» КеАҚ жанынан Қоғамдық комиссия құрылды. Негізгі мақсаты – шетелдегі және елге келген қандастарды қолдау мәселелері бойынша Қоғамның мүдделерін білдіру, республикалық деңгейде талқылау ұйымдастыру және шешім қабылдау кезінде жұртшылық мүддесін білдіру, пікірін ескеру.

Өтетін уақыты: 12 наурыз, 2021 жыл. Сағат 11:00-де.

Өтетін жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Б.Момышұлы даңғылы 24/9, «Достық Үйі».

Қосымша ақпарат үшін: +7-775-375-85-92 (Аян), +7-7014703033 (Мұхтар).

«ОТАНДАСТАР ҚОРЫ» ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ