«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық Комиссиясы VІ отырысының хаттамасынан үзінді

12 Наурыз, 2021

2021 жыл, 12 наурыз, сағат 11.00                    

Қатысқандар:

ҚР Сыртқы істер министрінің штаттан тыс кеңесшісі Батырша-ұлы Сайлау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Иса Қазыбек Жарылқасынұлы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Құрмансейіт Батырхан, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының м.а. Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы, ҚР Сыртқы істер министрлігінің қазақ диаспорасымен жұмыс жасау басқармасының басшысы Кәрібай Мұхтар Ахатұлы, ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон комитеті Азаматтық және көші-қон басқармасының басшысы Шымырбаев Ғани Зиябекұлы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Көші-қон процессін мониторингілеу басқармасының басшысы Айтқұлов Дастан Асқарұлы, «Отандастар қоры» КеАҚ және «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ-нің қызметкерлері, Қоғамдық комиссияның мүшелері (тізім бойынша).

 

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Шетелдік қазақтардың ұлттық қатыстылығын анықтау мәселесі туралы.
  2. Шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қолдау мәселелері: әлемдік озық үлгі және қазақстандық тәжірибе.
  3. Қазақстандық телебағдарламаларды шетелде тарату мәселелері (Қоғам құзыреті шеңберіндегі тақырып), оның ішінде арналарды/бағдарламаларды өтеусіз негізде тарату мүмкіндігі туралы.

 

Баяндамашы:

«Отандастар қоры» КеАҚ Вице-президенті – Сарбасов Мағауия Қанапияұлы.

 

Комиссия отырысының күн тәртібінде белгіленген барлық мәселелер қаралып, комиссия ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Шетелдік қазақтардың ұлттық қатыстылығын анықтау мәселесі бойынша:
  • республикалық маңызы бар қала және облыс әкімдіктері жанынан құрылатын комиссияға «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының» және «Отандастар Қоры» өкілдерін енгізу туралы,
  • шетелден елімізге көшкісі келетін қандастың тиісті құжаттарын жинақтап, қоныстанатын аймағы бойынша әкімдік жанындағы комиссияның қарауына ұсыныс енгізу үшін шетелдегі консулдарға арнайы өкілеттілік беру туралы,
  • аталған комиссия отырыстарына консулдық өкілдердің және арыз берушінің мекендеген елінен онлайн режимде қатысуын қамтамасыз ету туралы

айтылған ұсынымдар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарауына ұсынылсын.

  1. ҚР Үкіметі жанындағы Шетелдегі отандастармен мәдени-гуманитарлық байланысты дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының күн тәртібіне шығару үшін:
  • шетелде тұратын отандастарды қолдауға бағытталған жобаларды қаржыландыру көлемін көбейту туралы,
  • шетелдегі қазақ тілді ақпарат құралдарына ҚР Сыртқы істер министрлігі іске асыратын елімізді шетелдерге танытатын имидждік ақпараттық жобалар бағдарламалары арқылы қаржы бөлу және қандастар көп шоғырланған елдерге кең тарайтын «QazaqTV» телеарнасынан сырттағы ағайынға арналған тележобалар ашу туралы,
  • шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау туралы заң жобасын әзірлеу және қабылдау туралы,
  • шетелдегі қазақтармен мәдени-гуманитарлық байланыстардың тиімділігін арттыру мақсатында «Отандастар қоры» КЕАҚ-н ҚР Сыртқы істер министрлігінің құрамына толықтай кіргізу туралы

ұсынымдар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қарауына ұсынылсын.

3. ҚР Сыртқы істер министрлігіне Қытайдан оралып келген қандас А.Қалиолланың Қытай Халық Республикасының Үкіметі 2018 жылғы 18 наурызда әкесін, анасын, екі інісін саяси лагерьге қамағаны (әкесі қайтыс болған, лагерь басшылары оның мәйітін бермеген), сондай-ақ олардың одан әрі тағдыры туралы шағымын бақылауға алу және мүмкіндігінше дипломатиялық жолдармен жәрдем беру ұсынылсын.

«Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық Комиссиясы VІ отырысының хаттамасынан үзінді