«Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті Нұртай Әбіқаевтың қатысуымен Бішкек қаласында этникалық қазақтармен және отандастармен кездесу өтті

Жетінші қазан (07.10.2021) Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасында «Отандастар қорының» Президенті Нұртай Әбіқаев бауырлас елдегі қандастармен кездесу өткізді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Иса мен Мақпал Тәжмағамбетова, Қырғыз Республикасындағы қазақтар қауымдастығының төрағасы Гүлшат Асылбаева қатысты.

Жиын барысында «Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-Президенті Мағауия Сарбасов, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айгүл Қарымсақова, Заң ғылымдарының кандидаты, Қырғыз-Қазақ университеті жанындағы колледж директоры Ерғали Абдикаимов, Қауымдастықтың Басқарма мүшесі, Қырғыз медициналық колледжінің құрылтайшысы Тамара Болотова және тағы басқа да азаматтар баяндама жасады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Елшілігінің деректері бойынша Қырғыз Республикасында 39 мыңға жуық этникалық қазақ тұрады. Жалпы, қазақтар Қырғызстан аумағында тұратын этностар арасында 7-ші орын алады.

07 Қазан 2021

Кері байланыс

Записаться